Көкбай Жанатайұлы- ұлы Абайдың шәкірті, оның қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерін жалғастырушы. 1861 жылы Семей уезі, Мұқыр болысы, Тақыр деген жерде дүниеге келді.
Көкбай Жанатайұлы Абайдың досы мен серігі болған. Жас ақынның Абаймен достығы 1880 жылдан басталды. Бұл достық 25 жылға созылды. Абай өз өлеңдерін жас досының атынан таратқаны да қызық.
Абайдың «Жаз» өлеңі 1889 жылғы №7 «Дала уәлаяты» газетінде Көкбай Жанатайұлының атынан жарияланған.
Көкбай Жанатайұлының мұражайы Абай облысы Абай ауданының Көкбай ауылында Тақыр деген жерде орналасқан. Мұражай мешіт-медресе 1997 жылы ашылған, Абай мемлекеттік мұражай-қорығының филиалы болып табылады.
Экспозиция 1997 жылы ашылды. Ақынның 150 жылдығына орай 2011 жылы келушілерді медресе және мешіт тарихымен, бастысы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыратын жаңа экспозиция құрылды.
Аудан орталығынан 25 шақырымда орналасқан.