Жидебайдан 5 км қашықтықта орналасқан көл. Оспан - Құнанбайдың кіші ұлы, Абайдың інісі.
1885 жылы Жидебай қонысы Оспанның еншісіне тиген. Көл Оспанның иелігінде болғандықтан, соның атымен аталып кеткен.
Көл Жидебай қорығының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан. Көлдің шығыс жағынан бару мүмкін емес, өйткені ол аумағы батпақты, сазды болып келген. Көлдің суы ащы. Мұхтар Әуезовтің романында көл Боқтыкөл деп аталады
Оспан ер жетіп, үйленіп, Жидебайға иелік жасап, шаруашылығын бірден дөңгелетіп әкетеді. Малы өседі, айналасына ықпалы артып, саудамен айналысады. Төңірегіне ел жақсыларын жинап, Оспан-жомарт, Оспан-бай, Оспан-болыс атанады.
Бұл жасы келген Құнанбайдың билікке араласпай, Ақшоқыны қоныс қылып, дүние сөзі емес, құдай мен Құран сөзін ұстап, елден оқшауланған тұсы еді.
Сөйтіп, дәуірлеген, шалқыған Оспан 1892 жылы 40 жасында кенеттен қайтыс болып, артында үш әйелі, сол кездегі өлшеммен 2 мың жылқы, 800-дей түйе, 3 мыңдай қой қалады. Бұл әлбетте үлкен дәулет болатын.
Жесір қалған жұбайы Еркежан Әубәкір мен Пәкизатты тәрбиелеп өсірді.
Жидебай қорығында орналасқан 16 тарихи орынның бірі. Шыңғыс өңіріндегі үлкен көлдердің бірі. Суы аса тұзды болғандықтан дертіне шипа іздеген жандар көлге емделуге келеді.
https://youtu.be/vwDNLvwXm3g