Мамай батыр кесенесі.
Мамай Жұмағұлұлы (1702-1799 жж.) - Орта жүз Тобықты руынан шыққан батыр. 1780 жылы батыста жүрген аз санды тобықтыны Шыңғыстауға бастап әкелген.
Мамай батыр 1702 жылы Сырдария өзенінің жағасында туған. Мамай бала күннен өз тұстастарының арасынан ақылдылығы мен дене бітімі жағынан ерекше көзге түскен. Өзінің батырлық қасиеттерімен он үш жасынан бастап көріне бастаған. Жас жігіт жоңғарлармен шайқаста ерекше батылдық пен ержүректілік, ептілік танытып, жеке жеңістерімен әйгілі қазақ батыры Қанжығалы Бөгенбайдың ықыласына бөленеді.
1690-1775 жылдары Абылай ханмен бірлесе отырып, Мамай тағы да бірнеше шайқастарға қатысады.
1731 жылы Мамай батырмен бірге қазақтың белгілі батырлары Қабанбай, Бөгенбай қатысқан Балқаш көлінің маңайында ірі шайқас болды. Қазақ әскеріне Абылай хан қолбасшылық жасады. Қазақ батырлары бірлесе отырып, жоңғарларды Батыс Қазақстаннан бастап, Ертістен асыра қуды. Қазіргі Абай ауданы Қызыл ту ауылының маңында Шаған өзенінің бойында ірі қақтығыс болып, «Шаған шайқасы» деген атпен тарихта қалды. Осы тарихи шайқастардың барлығында Мамай батыр Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі бола білді.
1799 жылы Мамай батыр 97 жасында Архат ауылында қайтыс болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында – ақ аудан халқы Тобықты елін, Сыр бойынан бастап әкелген әйгілі Мамай бабаға арнап Маңғыстаудың ақ тасынан күмбезді мазар тұрғызды. Орда тауы бауырындағы шағын ауыл мен жаңадан салынған орталау мектеп те ұлы бабаларымыздың атымен аталды. Мамай батырдың өзінің де, сөзінің де орны бөлекті.
Солайша, батырдың жүрегі мен ішкі құрылысы Шыңғыстауда, қасиетті Орда тауының етегінде, ал ұлы денесі өз өсиетіне орай Түркістанда жерленді.
https://youtu.be/lrWOO0mH374