Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Айпара ана кесенесі.
Орта жүз Тобықты руынан шыққан Олжай батырдан Айдос, Қайдос, Жандос атты ұрпақ тараған. Айдостың бәйбішесі- Тобықты руының киелі анасына айналған Айпара ана.
Ел билеген Айпара ана туралы бір аңызда:
«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым.
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас Торғайым»- деп төрт ұлына берген болжам мінездемесі әлі күнге ел ішінде айтылып келеді.
https://youtu.be/DLQ8pxVvNbU