Әйгерім - Абайдың екінші әйелі, өзі сүйіп алған жары. Шын аты Шүкімән, Байшора қызы.
Абай әкесі Құнанбай Меккеге кеткен соң артынан Семейде неше күн тұрып қайтқан жолында, досы Ербол екеуі Байшора ауылына түседі. Ауылға жетер жолда жаңбыр қатты құйып кеткен еді. Шай ішіп, денеге жылу кірген соң, Абай оттың жылуында аздап мызғып алады да, түс көреді. Түсінде өз ғашығы Тоғжанды көреді де, кенет бір дауыс шығып, Абайды шақырғандай болады. Абай ұйқы сұрап, сыртқа шығады. Досы Ербол да ере шығады. Сөйтсе, көрші үйде кезінде Тоғжанмен бірге алты бақан теуіп, салған әні «Топай көк» ән әуені, бұлбұл даусындай құбылып шығып жатыр екен. Естіген жерден Абай Тоғжан деп таниды. Бірақ, іс жүзінде ол Тоғжан емес, бірақ Тоғжаннан аумай туған Байшораның әнші қызы Шүкімән болып шығады.
Әйгерім бұлағы - жас Абайдың асқақ сезімін оятқан, әнімен де, сәнімен де ұлы ақынды тәнті еткен Шүкіманның ата қонысы және Шүкіман сұлуды – Әйгерім атандырған, махаббат мекені.
https://youtu.be/F_wAgwModbA