Семей қаласының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК – ның Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалы 2012 жылы 16 қарашада ашылған. Ұлы ғұлама, ойшыл Абайдың, шоқтығы биік шежірелі тұлға Шәкәрімнің, телегей теңіз, дара жазушы Мұхтардың ұлағатты ізі қалған Абай ауданы замана көшін ілгері жалғаған алтын бесік. Тауы мен тасы тарихқа тұнған, кие қонып, құт дарыған қасиетті Шыңғыстау өңірінің осынау өнегелі өткені мен баянды бүгінгі тыныс – тіршілігінен сыр шертетін аудандық тарихи – өлкетану музейі уақыт сабақтастығын баян ететін шежірелі мекен.