Аға сұлтан Құнанбай қажыға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай мұражай-үйі салынды. Мұражай іші заман талабына сай жабдықталған: конференция залы, экспозициялық залы, музей меңгерушісінің бөлмесі, 2 қонақ бөлмесі, намазхана, асхана және санитарлық бөлмелермен жасақталған.
Мұражайдың экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнер мәдениетінен, тұрмыс – салтынан көрініс беретін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар және т.б. қойылған.
Семей қаласынан 153 шақырымда орналасқан.
https://youtu.be/on1HOW1DzzA