Ералы Кеңгірбайұлы (1792-1864 ж.). Арғы атасы-Тобықты. Тобықты ішінде Олжай, Олжайдан Жандос (Жігітек), Жандост ан Кеңгірбай, Кеңгірбайдан Ералы тарайды. Әкесі он жеті жасында Абылайдан, Орта жүздің биі Тіленші биден бата алған, Тобықтының кие қонған ел иесі, көреген би-Кеңгірбай Жандосұлы (Жігітек) еді.
Ералы Торғай, Кеңгір, Баянауыл өңірін аралап, Шыңғыстауға келген тұста туған екен. Атын Мамай батыр қойыпты. Мамай –Тобықтыны Шыңғыстауға бастап келген қолдың басшысы, сардар батыр. «Кеңгірбай ұлды болды» дегенді естіп келген Мамай батыр «Кеңгірбайжан, әлгінде елде жатып ойланып, ырым қылдым. Мына бала еліне-ер, еріне-әл болсын» деген екен. Киелі бала аты басында «Ерәлі», кейіннен «Ералы» аталып кеткен деседі.
Төле би Кеңгірбай би ауылында қонақ боп жатып, кетерінде: «Би балаларыңды шақыр, сынайын» депті. Қалыбай, Нұралы, Қаумен, Төлеу, Қотанбұлақ, Ералыларға мінездеме беріпті. Ералы бабаға «Мынауыңның екі иығында екі үкі тұрғанын қарашы, қасиеті артқан жоғары болады екен. Қарғаса да, алдаса да екі сағаттан ары жібермейтін тезқатыр екен. Өзіңнің төрт бөрің бар екен,төрт сағат, төрт ай, төрт күн, төрт жыл кешірімің көп екен» деген деседі.
Шыңғыстау өңірінде там үйді ең алғаш салдырған - Ералы көп жасаған адам. Ол дүние салар кезде, ағайын туыс, бала-шағасымен соңғы арыз қошында өзі жерленген төбені нұсқап, «Ертең мұнда Ералым жатыр демейсіңдер ме, ана төбеге жерлеңдер» деп өсиет еткен деседі. Ералы би жатқан төб ық ортасындағы жапа-жалғыз төбе.
Би басында 1959 жылы ұрпағы Нұртазин Ахметбектің ұйымдастыруымен қайта қоршалып, күмбезі көтерілді.
1998 жылы 25 қыркүйекте Қасқабұлақ ауылының ардақты азаматы, М.Әуезов атындағы шаруашылықты ұзақ басқарушы, іскер басшы Амантай Мұқатаевтың басшылығымен киелі бабамыз Ералы Кеңгірбайұлына мазар тұрғызылып, ас берілді.