Аралтөбе-Абайдың екі әйелі Ділдә мен Әйгерімнің жерленген жері.
Ділдә (1844-1924 жж) Абайдың алғашқы әйелі. Қарқаралы қазақтарына белгілі Алшынбай бидің немересі. Ол алты баланың анасы: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман (Әбіш), Мағауия, Гүлбадан, Райхан. Одан кейінгі сұлу жары Әйгерім-шын есімі Шүкіман (1856-1919 жж). Одан көрген Абайдың балалары: Турағұл, Мекәйіл, Ізкайл және қызы Кенже. Ақынның бұл екі әйелі де осы Аралтөбеде жерленген.
1993 жылы олардың қабірлерінің үстінен қайтадан ақ ұлу тастан мазары тұрғызылды.