
сонымен қатар олардың ақылы мен өнерін де паш етті. Қатысушы арулар әр кезеңде өздерінің білімділігін, шеберлігін, талғамын,
сөйлеу мәдениетін және сахнада өзін ұстау қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді.

Абайдың домбырасының пішінінде заман талабына сай жасалған нысан басында ақынның 45 қара сөзі үш тілде жазылған мәрмәр тастар қойылды. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» атты стелла бой көтерді. Шырша, шынар ағаштары отырғызылып, абаттандырылды.Келуші туристерге қолайлы болу үшін басына орындықтар қойылып, жарық шамдары ор натылып, туризмді дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Семей-Қарауыл тас жолының 90 шақырымының шығыс жағында 4 шақырым қашықтықта Бөрілі елді мекені орналасқан. Жол бұрылысының музей-үйге бағыттамалық белгісі ескерткіштен (ашулы кітап кескін үлгісіндегі) басталады. М.Әуезовтің кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен туған жері.
Аңыз бойынша үңгірдің тереңінде 3 көл жасырылған. Үңгірге кірген адам баспалдақпен 120 метр тереңге түседі. Үңгірдің ені шамамен 12-15 метр, аумағы 120 метрге созылады.Үңгірдегі көл суының температурасы (4 градус) қысы-жазы өзгермейді, ал үңгірдің ішіндегі температура +7 градус. «Қоңыр әулие» үңгірі жайында ел арасында аңызға бергісіз әңгіме көп. Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің дені жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Шаған шайқасы осы үңгірдің маңында өткені тарихтан мәлім.
Еуразия кеңістігінің орталығы, Абай облысының жүрегі – киелі Жидебай жері. Киелі өлкеде хәкім Абай Құнанбайұлының және немере інісі, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы екеуінің мүрдесі жерленген қастерлі зиярат орны.
Абайдың «Жидебай –Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты қорық аймағы 6400 га жерді қамтиды. Аумақта 16 тарихи ескерткіш орналасқан.
Кеңгірбай Жандосұлы (1735-1825 жж.) Тобықты ішіндегі Жігітек руынан тарайды. Атақты би, ру басы. Оңтүстік Қазақстандағы Кеңгір өзенінің бойында дүниеге келген. Кеңгірбай би 1825 жылы 90 жасында өмірден өткен. Бейітін Құнанбай Өскенбайұлы тұрғызған. Ескерткіш XIX ғасырдың бірінші жартысының ортасында салынған.Кеңгірбай би мазары Жидебай қорығындағы шидің бойында Самалтөбе аталатын биік төбе басында шоқақ етіліп, кірпіштен қаланған. Сыртқы жағы 1993 жылы Маңғыстаудың ақтасынан қапталып, өңделген. Ескерткіштің жалпы биіктігі 9,5 метр.
Семей-Қарауыл тас жолының 120 шақырымында жолдың оң жағындағы төбеде Еңлік-Кебек ескерткіші орналасқан. Бастауын сонау Аягөзден алып, Шар, Архат өңірлерін басып өтіп, көктем суымен тасып, Ералы жазығына молынан жайылатын Ащысу өзенінің бергі бетіндегі төбені Шұбартөбе деп атайды.Осы төбе басына бір-біріне ғашық болған сұлу Еңлік пен батыр Кебек жерленген. Ғашықтар трагедиясы Абайдың ақындық мектебінің өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мағауия Абайұлының поэмаларына арқау болған, замананың заңғар туындылары.
Семей-Қарауыл тас жолының бойында Арқалық кезеңінен өтіп, оңға бұрылғанда 21 шақырымдай жерде Құнанбай әулетінің ата қонысы болған Ақшоқы елді мекені бар. Аға сұлтан Құнанбай қажыға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай мұражайы салынды. Мұражай іші заман талабына сай жабдықталған: конференция залы, экспозициялық залы, музей меңгерушісінің бөлмесі, 2 қонақ бөлмесі, намазхана, асхана және санитарлық торап бөлмелерімен жасақталған.
Сырт-Қасқабұлақ
Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі
«Қоңыр әулие» үңгірі
Абай-Шәкәрім кесенесі
Кеңгірбай би кесенесі
Еңлік-Кебек мазары
Құнанбай мұражайы
254 reviews
Қазақстандағы абай облысы: Таңғажайып пейзаждар, дәмді тағамдар, терең мәдени шомылу. Ұмытылмас тәжірибе алу үшін міндетті түрде бару керек орын
Қазақстандағы абай облысы: Тыныш сұлулық, бай мәдениет, жылы қонақжайлылық. Шынайы шытырман оқиғаларға арналған жасырын асыл тас.