
Семей-Қарауыл тас жолының 90 шақырымының шығыс жағында 4 шақырым қашықтықта Бөрілі елді мекені орналасқан.
Жол бұрылысының мұражай-үйіне бағыттамалық белгісі ескерткіштен (ашулы кітап кескін үлгісіндегі) басталады. М.Әуезовтің кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен туған жері. «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі» деген ата қонысы. Бөрілі - Мұхтар өмірінде, шығармашылық ғұмырнамада балалық балғын балауса кез бен бозбала, жастық жалынды шақ, қызулы құштар көңіл көшулерінің небір аяулы, қимас асыл, қызық, қиын сәттерінің, «сәт-сағаттарының» куәсі.
Бұл күнде Әуездің қарашаңырағында М.Әуезовтің музей-үйі орналасқан. Ұлы кемеңгердің алғаш ой ұшырған ыстық ұясы, өзі туып-өскен алтын бесігі – Бөрілі – ұлылық пен ұлағаттың ұлы Отаны. Мұхтар Әуезовтің музей-үйі 13,2х22,3 метр көлемінде және биіктігі 3,5 метр. Ғимарат 8 бөлмеден тұрады. Музейдің аумағы 120,0х138,0 метр. Мұражайға қарсы беттегі дөң үстінде, жазушының әкесі Омархан мен шешесі Нұржамалға Маңғыстаудың ақ тасынан өріліп, күмбезді кесене тұрғызылған. 2020 жылы Мұхтардың ағасы Қасымбек пен жеңгесі Ғалия жерленген орынға ескерткіш белгі қойылды. Абайды әлемге танытқан жазушының туған жері алып ой кемеңгерінің мерейтойы қарсаңында қайтадан жаңғырды. «Бөрілі – Мұхтар Әуезовтің туған жері» стелласы жаңартылып, ауылға бұрылатын тұста аялдама орнатылды. Музей алаңы абаттандырылып, келген меймандар үшін демалатын арнайы орын мен екі панажай қойылды.
Сонымен қатар, музей алдына «Білімді бала» кіші архитектуралық формасы орнатылып, "Street Worкоut" алаңы қойылып, ауыл іші жарықтандырылды. Келген қонақтарды құшақ жая қарсы алатын қасиетті мекеннің бүгінгі көркі көз қуантады.
123
Қазақстандағы абай облысы: Таңғажайып пейзаждар, дәмді тағамдар, терең мәдени шомылу. Ұмытылмас тәжірибе алу үшін міндетті түрде бару керек орын
Қазақстандағы абай облысы: Тыныш сұлулық, бай мәдениет, жылы қонақжайлылық. Шынайы шытырман оқиғаларға арналған жасырын асыл тас.