Ер намысы сыналатын «Ер жігіт» сайысының I кезеңінің 1 бөлімі өз мәресіне жетті. Ұлттық рух пен жігерді шыңдайтын бұл додада қатысушылар батырлық пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Көптің ішінен суырылып алға шыққан мықтылар анықталып, I кезеңнің 1 бөлімінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленді: I орын – Уркимбаев Айдос (Абай ауданы) II орын – Төлепберген Дулат (Үржар ауданы) III орын – Амангельдинов Нұрсұлтан (Аягөз ауданы) Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ел намысын жанына жалау еткен жігіттерге келесі кезеңде де сәттілік серік болсын!
"Құмай тазы" тазы иттер жарысы
Жеті қазына» жобасы аясында «Құмай тазы» тазы иттер арасында өткен жарыстың қорытындысы: I орын Құдайбергенов Айдын (Алматы облысы), тазы иттің лақап аты - Сылдыр. II орын Төкешов Азамат (Қарағанды облысы), тазы иттің лақап аты – Желқара. III орын Акильжанов Рахат (Үржар ауданы), тазы иттің лакап аты – Құлпынай. Ұлттық болмыс пен аңшылық өнердің ажырамас бөлшегі саналатын қырағы тазыны дәріптеген жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
10 тамыз
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты: этнофестиваль, театрланған көрініс, ұлттық спорттық жарыстар (қазақ күресі, топ, аламан бәйге, «жүйрік ат» жорға жарысы, марапаттау рәсімі), эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт