
Аға сұлтан Құнанбай қажыға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай мұражайы салынды. Мұражай іші заман талабына сай жабдықталған: конференция залы, экспозициялық залы, музей меңгерушісінің бөлмесі, 2 қонақ бөлмесі, намазхана, асхана және санитарлық торап бөлмелерімен жасақталған. Музейдің экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнер мәдениетінен, тұрмыс-салтынан көрініс беретін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар т.б. қойылған.
Музейге келушілер ұлылар мекенінің тарихына, мәдениетіне, тұрмыс-салтына қанығып, ондағы қойылған құнды жәдігерлермен танысып, рухани азық алып қайтады.
Қазақстандағы абай облысы: Таңғажайып пейзаждар, дәмді тағамдар, терең мәдени шомылу. Ұмытылмас тәжірибе алу үшін міндетті түрде бару керек орын
Қазақстандағы абай облысы: Тыныш сұлулық, бай мәдениет, жылы қонақжайлылық. Шынайы шытырман оқиғаларға арналған жасырын асыл тас.