
Абай ауданында «Жеті қазына» республикалық ұлттық байқауы басталды Ұлттық рухты дәріптейтін айтулы шара – «Жеті қазына» ұлттық республикалық байқауының шымылдығы түрілді. Байқау жеті бөлімнен тұрады, оның үшеуі – қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін асқақтататын мәдени сайыстар: «Ілім, білім: Абай оқулары», қазақ қызының көркі мен нәзіктігін танытатын «Сұлу әйел», ел қорғаны, ер намысы сыналатын «Ер жігіт» сайыстары.Бұл өнер мен өрелі ойдың додасына еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер келіп, бақтарын сынауда.Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов фестивальдің терең мәні мен елдік маңызын айрықша атап өтті..