
БАБА ТОЙЫ –ЕЛ ТОЙЫ: Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді!
БАБА ТОЙЫ –ЕЛ ТОЙЫ!
🔹Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы Ырғызбай әулетінің, облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаевтың, аудан қонақтарының, аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының қатысуымен Құнанбай ескерткіші алдына гүл қойып, тағзым етумен басталды.
🔹Той қонақтары Құнанбай ауылы негізінде құрылған ауылдық округтердің ұйымдастыруымен өткен «Бала Құнанбайдан –Дана Құнанбайға» атты театрландырылған көріністі көріп, «Асыл мұра» республикалық қолөнер шеберлерінің фестиваліне қатысушы 21 қолөнершілердің жұмыстарын тамашалады.
🔹Бүгінгі мерейтойдың тарихи сәті ауданның 500 баласы бір мезетте Ашамайға отырып, рекорд жаңартты.
🔹Мерекелік ашылу салтанатында Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, Абай облысының әкімі Н.Т.Ұранхаевтың арнайы сыйлығы автобус көлігінің кілтін 50 жылдық тарихы бар «Қаламқас» халық ән-би ансамблі ұжымына табыстады.
🔹Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы корреспондент-мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Бауыржан Жақып өзінің арнау өлеңін оқыды.
🔹КИНЭС- ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ Құдайбергенов Қуандық Шыңғысұлы бір мезетте 500 бала Ашамайға отырудан рекорд жасаған Абай ауданына сертификат табыстады.
🔹Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы баба тойымен барша аудан қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.
🔹Бүгінгі шараға облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Серікқазыұлы арнайы қатысты.
Сондай-ақ, республикалық «Асыл тұқымды жылқы» ауылшаруашылық семинары өтті.
🔹Жиналған қауым Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония, «Абай», «Дариға-ай» жастар театры мен «Қаламқас» халық ән-би ансамблі әртістерінің мерекелік бағдарламаларын тамашалады.
🔹Түскі үзіліс уақытында баба рухына қатым түсіріп, ас берді.
🔹Ұлттық көкпар, аламан бәйге, қазақ күресі, топ бәйге, жорға жарыс, жамбы ату ойындарынан финалдық кезеңі өтіп, марапаттау рәсімі өтті.