
«Құнанбай Өскенбайұлы: тарих, тұлға. Феномен» халықаралық конференциясы Абай музейінде жалғасты
«Құнанбай Өскенбайұлы: тарих, тұлға. Феномен» халықаралық конференциясы Абай музейінде жалғасты
Планарлық мәжілістің екінші бөлімі Абай елінің ақиық ақыны Т. Жанғалиевтің сөзіне жазылған жергілікті композитор Кентау Назарбектің «Құнанбай» әнінен басталды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында өткен отырысқа Ташкент, Алматы, Астана қалаларынан ғалымдар келіп, баяндамаларын оқыды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Тоқтабай Құнанбай қажының қытай жеріндегі жәдігерлері туралы айтса, Өзбекстаннан келген ғалым, Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетірің профессоры Ж. Жовлиев Абай мұрасының өзбек әдебиеті мен мәдениетіндегі алатын орны жайында саралап берді.
Сонымен қатар, жиында Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы және Құнанбай әулеті мен Поляк зиялылары туралы да баяндалды. Ол туралы жерлесіміз, өлкетанушы Ә. Мырзақасым мен Астана қоласына келген саясаттанушы, тарихшы Ж. Каринбаев зерттеп білген ақпараттарымен бөлісті.