
Абай елі балуанды «Париж-2024» XXXIII жазғы Олимпиадасына шығарып салды!
Абай елі балуанды «Париж-2024» XXXIII жазғы Олимпиадасына шығарып салды!
🔹Бүгін ел намысын, жер намысын абыроймен қорғап жүрген Азия, Европа мен Әлем ареналарын мойындатқан жерлесіміз, Грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш «Париж-2024» XXXIII жазғы Олимпиада лицензиясынның иегері, балуан Тұрсынов Нұрсұлтан Шыңғысұлы құрметіне арналған Жидебай мемориалдық қорық-музейінде шара өтті.
🔹Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы бастатқан мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, ел ағалары Нұрсұлтан Шыңғысұлын, ағасы Мұхит Тұрсыновты, жеке бапкері Қанат Нұртазинді құрметпен қарсы алды.
Ең алдымен бабалар рухына тағзым етіп, құран бағышталды.
🔹Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балуанға Абай елі атынан иығына шапан жауып, астына арғымақ мінгізді.
🔹Ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиев ағамыз өзінің ақ батасын беріп, ақ жол тіледі. Балуан құрметіне «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымы өзінің өнерімен қошемет білдірді.
🔹Бабалар рухы қолдап, Қазақ елінің абыройын асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатып жеңісті оралуға Абай халқы тілектес.